Data Science

Деректерді интеллектуалдық талдау, машиналық оқыту, терең оқыту, жасанды интеллект

БИЗНЕСКЕ АРНАЛҒАН СЕРПІНДІ ЗИЯТКЕРЛІК ШЕШІМДЕР

Ұйымдар сервис сапасын жақсартуы, болашақты болжауы, процестерді автоматтандыруы, сатылымды арттырып, ынталандыруы, өндірістегі шығындарды азайтуы және тәуекелдердің алдын алуы үшін бизнеске ең жаңа «ақылды» технологиялар мен шешімдерді енгіземіз.

Біз бизнеске, бөлшек сауда және сақтандыру компанияларына, қаржы ұйымдарына, ауыл шаруашылығына, өнеркәсіптік және өндірістік салаларға пайдалы боламыз.

Data Science не үшін қажет

  • Құрылымдалған және құрылымдалмаған деректердің орасан зор массивтерін талдау арқасында шексіз мүмкіндіктер ашылады. Болашақты болжау, аудиторияның мінез-құлқы мен трендтерді алдын ала болжау, дағдарыстар мен тәуекелдердің алдын алу, халық арасындағы аурушаңдықты азайту, жануарлардың сирек түрлерін сақтау – бәрі қолданылу саласына және адамның өз алдына қоятын міндеттеріне байланысты.
  • Data Science — деректерді талдау және олардан құнды ақпарат пен білім алу әдістері туралы ғылым. Бұл сала машиналық оқытумен (Machine Learning), жасанды интеллектпен және үлкен деректермен жұмыс істеу технологияларымен (Big Data) тоғысады.

Data Science саласындағы меншікті әзірлемелер

«Жасанды интеллект құралдарын меншікті бағдарламалық қамтамасыз етуге енгіземіз және Data Science бойынша кешенді шешімдер ұсынамыз. Біздің көмегімізбен компаниялар бейстандартты тұжырымдар жасау, жаңа бизнес-модельдер құру және процестерді жақсарту үшін құрылымдалған және құрылымдалмаған деректердің орасан зор массивтерін талдап, өңдейді. Бұл еңбек өнімділігін арттыруға, пайданы ұлғайтуға және жаңа мүмкіндіктер ашуға мүмкіндік береді.

Біздің командада нарықтағы ең жоғары құзыреттерге ие, елдегі үздік сарапшылар жұмыс істейді — бұл бізге клиенттеріміз үшін озық әрі тиімді шешімдер ұсынуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ біз Ресей, Украина және Түркиядағы үздік мамандармен ынтымақтасамыз, серпінді стартаптардың тәжірибесін пайдаланамыз.

  • 100 Қазақстанның топ ЕДБ-лары үшін 100-ден астам предиктивті болжамдық модель
  • 10 ЕДБ-ларға, мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарға 10 сәтті енгізу
  • 10 Data Science және Machine Learning саласындағы әрбір маманның өтілі — 10 жылдан астам
  • 30 Data Science және Machine Learning саласындағы 30 жоғары білікті сарапшы
  • Ұйымдар мен бизнеске көмектесеміз

    • Бизнестің тиімділігін арттырамыз
    • Процестерді оңтайландырып, шығындарды қысқартамыз
    • Рутиналық операциялар санын азайтамыз
    • Білімді үздіксіз молайтамыз
    • Бизнесті когнитивтендіру есебінен жұмысқа қабілеттілікті арттырамыз
    • Дербестендірілген қызмет көрсетуді ұсынамыз
    • Ақпаратты өңдеу мен талдаудағы жылдамдық пен дәлдікті арттырамыз
  • Күрделі бизнес-міндеттерді шешеміз

    • Деректерді өндіру (data mining)
    • Талдау мен модельдеудің статистикалық әдістері
    • Эконометрикалық модельдеу
    • Машиналық оқыту (machine learning)
    • Терең оқыту (deep learning)
    • Нығайтып оқыту (reinforcement learning)
    • Жасанды интеллект (artificial intelligence)

Клиенттерге арналған Data Science құралдары

  • 1Деректерді басқару

    Prime Source-тің деректерді басқару құралдары деректерге қолжетімділік береді, қажетті нәтижелер мен пайдалы ақпарат алу үшін оларды кіріктіруге, тазартуға және талдауға дайындауға көмектеседі.
  • 2Аналитикалық шешімдерді орналастыру

    Бизнестің кез келген ауқымында аналитикалық шешімдерді орналастыру есебінен жаңа технологияларды жедел енгізу. Біздің шешімдеріміз жасанды интеллект негізіндегі күрделі жобаларды жедел іске асыруға, инвестицияны тез өтеуге және тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді.
    ML негізіндегі математикалық модельдерді енгіземіз. Клиент қызметкерлерін шешімдерді қолдауға үйретеміз.
  • 3Деректердің егжей-тегжейлі визуализациясы

    Деректердегі өзара байланыстарды табуға, пайдалы ақпарат алуға және жұмыс нәтижелері туралы тұжырым жасауға көмектесетін ыңғайлы әрі түсінікті визуализация мен дашбордтар құру. Ақпаратты ұсыну құралдарымыз деректерді тиімдірек пайдалануға көмектеседі.
  • 4Шешім қабылдауға көмек

    Объективті әрі қайталанатын процестерді іске асыру үшін бизнес-ережелерді аналитикалық модельдермен біріктіру. Клиенттермен тиімді өзара әрекеттесу мақсатында дашбордтар, аналитикалық модельдер мен есептілік негізінде шешім қабылдау процесін жеделдету және жетілдіру.

Prime Source енгізген шешімдердің арқасында біз дәлірек ақпаратты жылдам алып, дұрыс тұжырым жасай аламыз және нәтижелерді жоғары дәлдікпен болжай аламыз.



Топ-10 қазақстандық банктер неліктен
Prime Source шешімдерін таңдайды

  • Шетелдік әзірлеушілердің
    өнімдері
  • Нақты клиентке баптау қиын
    Ірі компаниялардың дайын ұсыныстарын нақты тұтынушының жағдайына кастомизациялау, баптау және өзгерту қиынырақ, өйткені олар жабық кодты пайдаланады
  • Шығынды енгізу
    Әдетте халықаралық нарықтағы ірі әрі белгілі ойыншылардың шешімдері қымбатырақ әрі уақыт бойынша шығынды, ал жылдық лицензияның құны енгізу құнымен шамалас
  • Кері байланыстың ұзаққа созылуы
    Шетелдік қолдау қызметімен уақыт айырмашылығына байланысты — сұрауға жылдам жауап алу мүмкіндігі әрқашан бола бермейді
  • Тілдік кедергі
    Шетелдік компаниялардың қолдау қызметі операторларының көпшілігі ағылшын тілінде сөйлейді
  • Prime Source
    өнімі
  • Кез келген клиентке оңай кастомизацияланады
    Әрбір тапсырыс беруші өзіне ыңғайлы нұсқаны таңдап, өз мониторинг сценарийлерін баптай алуы үшін модульдік жүйені пайдаланамыз. Ашық кодпен жұмыс істейміз
  • Үнемді енгізу және қызмет көрсету
    Меншікті әзірлемелерді пайдаланамыз, сондықтан шешімдеріміз тиімдірек, жылдамырақ әрі нәтижелірек. Біздің жүйемізді енгізгеннен кейін оған өз бетіңізше қызмет көрсете аласыз
  • 24/7 байланыстамыз
    Клиенттеріміз бірнеше минут ішінде кері байланыс алады
  • Өтініш білдірген тілде жауап береміз
    Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде сөйлейміз

Ұйымдар мен бизнеске арналған Data Science шешімдері

  • ӘмбебаптықБіздің жасанды интеллект және машиналық оқыту технологияларымыз кез келген салада қолданылады: қаржы секторы, сақтандыру компаниялары, ритейл, мемлекеттік мекемелер, бөлшек сауда, өндірістік және өнеркәсіптік компаниялар, денсаулық сақтау және фармацевтикалық ұйымдар
  • БолжауБіз құрылымдалған және құрылымдалмаған деректер массивтерін өңдеуге, бизнес-модельдер құруға, трендтер мен тұтынушылардың мінез-құлқын болжауға көмектесеміз

Prime Source шешімдеріндегі Data Science технологиялары

  • Машиналық оқыту

    Машиналық оқыту алгоритмдері деректердің орасан зор массивтерінен жасырын білімді табуға және алуға көмектеседі.
    Жасанды интеллект негізіндегі Prime Source өнімдері — пайдалы ұсынымдар беретін және жедел әрі дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін кешенді, интуитивті түсінікті машиналық оқыту құралдары.
  • Бейнеаналитика

    Компьютерлік көру технологиясы кескіндер мен бейнелер негізінде талдау жасауға және тұжырым шығаруға көмектеседі. Кескіндерді тану және нысандарды анықтау құралдары көптеген өндірістік процестерді автоматтандыруға әрі қауіпсіздігін арттыруға, жаңа пайдалы деректерді өңдеуге және алуға мүмкіндік береді.
  • Болжау және оңтайландыру

    Озық болжау құралдары нәтижелерді алдын ала болжауға мүмкіндік берсе, ақылды алгоритмдер – қолжетімді ресурстарды бағалауға, барынша жоғары нәтижеге жетуге көмектесетін іс-қимыл жоспарын құруға мүмкіндік береді. Біз болжау мен оңтайландырудың барлық кезеңінде қолдау көрсетеміз және толық автоматтандыруды қамтамасыз етеміз.
  • Аналитика және есептілік

    Біздің шешімдеріміз аналитикалық тәуелділіктер құруға және деректерге тереңдетілген талдау жүргізуге мүмкіндік береді. Динамикалық диаграммалар мен графиктердің көмегімен негізгі өзара байланыстарды анықтау үшін деректерді жылдам әрі оңай өңдеуге және бейстандартты тұжырым жасауға болады.

Data Science негізіндегі сараптама

  • 1

    Клиенттік аналитика Клиентті зерттеу — «360 градус», клиенттер бойынша Customer Lifetime Value есептеу, клиенттің кетуін болжау және мерзімі өткен берешекті өндіріп алу
  • 2

    Кредиттік скоринг Сандық статистикалық әдістерге негізделген тұлғаның кредит қабілеттілігін бағалау. Скорингтік модель кредиттік мәміленің сәтті аяқталу ықтималдығын немесе PD көрсеткішін есептейді
  • 3

    Бизнес-жоспарлау Жүйе ресімделген дайын операцияны Fasti 2 қорғалған арнасы арқылы Қаржы мониторингі комитетінің тексеруіне жібереді
  • 4

    Жөндеу жұмыстарын оңтайландыру Жабдықты басқару: істен шығудың алдын алу, телеметрия деректері, сыртқы деректер мен тарихи көрсеткіштер негізінде жөндеуді оңтайландыру
  • 5

    Тұрып қалудың алдын алу Жабдық пен технологиялық процестердің жұмысқа қабілеттілігін тұрақты бақылау. Тұрып қалу мен өнімділіктің төмендеуін болжау және алдын алу
  • 6

    Қаржылық алаяқтықтың алдын алу Қаржылық ұрлық пен алаяқтықтың ықтимал фактілерін анықтау үшін типтік емес жағдайларды байқау
  • 7

    Энергия тиімділігін арттыру Датчиктерден түсетін деректерді талдау: температура, діріл, дыбыс және т. б. Тиімсіз жабдық пен процестерді анықтау және ақауларды жою үшін негізгі тиімділік көрсеткіштерін есептеу және оларды визуализациялау
  • 8

    Энергия тиімділігін арттыру Жеке сұрау бойынша бірегей зерттеулер жүргізу. Клиенттер қойған мақсаттар мен міндеттер бойынша әдіснама әзірлеу және зерттеу науқандарын өткізу

Клиенттер

Басқа өнімдер

Customer Experience Management

Өсудің жасырын мүмкіндіктерін анықтаңыз, клиентпен байланыстың әрбір нүктесінде нәтижелілікті арттырыңыз

Robotic Process Automation (RPA)

Өнімділіктің жаңа шегіне жетіңіз

Integration Bus

Аса жоғары жылдамдықпен жұмыс істейтін орнықты экожүйе құрыңыз