OPEN APPLICATION PROGRAMMING INTERFACE (API) ЕНГІЗУ
Банктер мен ұйымдарға open API — қосымшаларды бағдарламалаудың ашық интерфейсін тиімді іске асыруға көмектесеміз. Мұндай ашық платформалар деректерге ашық қол жеткізуді қамтамасыз етеді, өзара іс-қимыл үшін инфрақұрылым ұсынады және оларға арналған шарттарды белгілейді. Бұл платформалардың негізгі мақсаты — барлық қатысушы үшін құндылық жасау: монетизация, клиенттік база мен жаңа деректерді тарту, қаржылық-техникалық ұйымдармен өзара іс-қимыл және құндылықтармен алмасу
Open API-ды не үшін енгізу керек
- Нарықта деректер массивтерін өңдейтін және сатылымды арттырудың, клиенттік базамен жұмысты оңтайландырудың, маркетинг ашықтығын арттырудың жаңа тәсілдерін ұсынатын IT-компаниялар көп.
Әрқайсысы құндылық қалыптастыру тізбегінде тар міндетті шешетін әзірлеушілердің жаңа экожүйесі қалыптасуда: деректерді алу, оларды биржа арқылы басқару, ақпаратты банк ішінде және ашық нарықта монетизациялау. - Open API — банк үшін экожүйеге қосылудың және бизнесті дамытуға жаңа идеялар алудың тиімді тәсілдерінің бірі.
Бағдарламалаудың ашық интерфейсі серіктестермен және клиенттермен өзара іс-қимыл жасауға, меншікті сервистер негізінде жаңа бизнес-модельдер алуға және компанияны алға жылжытуға көмектеседі.