Internet and Mobile Banking Platform

Қашықтан банктік қызмет көрсетудің кешенді омниарналық платформасы

DIGITAL BANK ПЛАТФОРМАСЫН ЕНГІЗУ

Пайдаланушылар онлайн режимде жедел әрі сапалы қызмет алуы үшін банктер мен қаржы ұйымдарына бизнес-процестерді автоматтандыруға және оларды меншікті омниарналық цифрлық платформаға кіріктіруге көмектесеміз

Digital Bank-ті не үшін енгізу керек

  • Цифрлық банк қызметтерді үйден отырып мобильді құрылғылар, әлеуметтік желілер және басқа да цифрлық арналар арқылы алуға, электрондық бизнес жүргізуге және ақпараттық сервистерді пайдалануға дағдыланған клиенттерге қызмет көрсетуге көмектеседі.

    Тұтынушыға жылдам, тұрақты әрі сапалы 24/7 қызмет көрсету үшін банктер мен қаржы ұйымдарына бірыңғай әрі ыңғайлы цифрлық жүйе құру қажет. Қызмет көрсетудің барлық арналарының үйлесімділігіне қол жеткізіп, процестердің омниарналық үздіксіздігін қамтамасыз ету керек.
  • Бұл клиентке өзіне ыңғайлы сервистер арқылы міндеттерді жылдам әрі тиімді шешуге, ал банкке — адалдықты арттыруға, деректерді жинап, талдауға және платформаны өзгермелі нарық пен клиенттердің қажеттіліктеріне қарай үздіксіз трансформациялауға мүмкіндік береді.

Prime Source-тің бірегей омниарналық Digital Bank платформасы

DigitalBank платформасы — банктік бизнес-процестерді автоматтандыруға және цифрландыруға арналған құралдар жиынтығы. Ол кез келген IT-инфрақұрылымы, процестері мен заңнамасы бар қаржы ұйымдарына оңай кіріктіріледі.

Цифрлық банк тиімді Time-To-Market көрсеткішімен жаңа сервистерді дамытуға көмектеседі.

Платформаның негізінде ТМД елдеріндегі, Еуропа мен АҚШ-тағы қашықтан қызмет көрсету тәжірибеміз жатыр. Біз қаржы ұйымдарына арналған қосымшалар жасауға мүмкіндік беретін, шексіз мүмкіндіктері бар өнім жасадық.

Қашықтан банктік қызмет көрсетудің бизнес-платформасы қаржы институтының ондаған күрделі әрі шашыраңқы жүйесін сыртқы әлеммен өзара әрекеттесуге арналған ыңғайлы әрі қауіпсіз API-ға «жинақтай» алады».

  • 3 Қазақстандық IT-әзірлемелер нарығындағы 3 жылдық жұмыс
  • 9 9 қазақстандық банк біздің шешімдерімізді пайдаланады
  • 133 Шағын банкте жыл ішінде 133 мың төлем транзакциясы жүргізілді
  • 30 Штатта жоғары білікті маман
  • Барлық арналарды кіріктіру

    Кез келген логиканы іске асырамыз және оны банктермен, төлем жүйелерімен, адалдық жүйелерімен және кез келген басқа сервистермен кіріктіреміз.
  • Үздік кейстер мен тәжірибе

    Таратылған, жоғары жүктемелі, қауіпсіз және ақаулыққа төзімді жүйелер мен бизнес-процестерді басқару сервистерін құруда үлкен тәжірибеміз бар.
  • Қосымшаларды әзірлеу

    Интернет-браузерлер мен мобильді құрылғыларға арналған, интуитивті түсінікті әрі қарапайым интерфейсі бар бірегей өнім әзірлейміз.



DigitalBank платформасының бірегейлігі

  • 1 Икемділік және үйлесімділік

    Платформа деректер қорының, операциялық жүйенің, бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етудің белгілі бір өндірушісіне байланысты емес. Платформа проприетарлық та, тегін бағдарламалық қамтамасыз етуде де жұмыс істей алады
  • 2Технологиялылық және үнемділік

    Өніміміздің негізінде жатқан заманауи технологиялар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу саласындағы әлемдік тәжірибе трафикті барынша азайтуға көмектеседі және серверлерге түсетін жүктеме аз болған кезде жоғары жылдамдықпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді
  • 3Үйлесімді бірыңғай жүйе

    Платформа барлық цифрлық арна бойынша клиенттермен ыңғайлы өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді: веб- және мобильді қосымшалар, киоскілер мен банкоматтар, цифрлық сағаттар және смарт-ТВ-ға арналған қосымшалар, мессенджерлер мен әлеуметтік желілер, виртуалды бөлімшелер және толықтырылған шындық қосымшалары
  • 4Электрондық төлем жүйелері

    DigitalBank арсеналында электрондық және мобильді NFC-әмиян, бірыңғай төлем шлюзі, тендерлік алаң, адалдық бағдарламаларының конструкторы, маркетплейс және клиенттік тәжірибені басқару модулі бар
  • 5Қауіпсіздік

    Платформа ақпараттық қауіпсіздік саласындағы әлемдік вендорлармен тұрақты аудит жүргізуді қамтамасыз етеді. DigitalBank ЭЦҚ, OTP, SMS-OTP, криптокалькуляторлар және ақпаратты биометриялық қорғау құралдарын пайдалана отырып, көпфакторлы аутентификация мен авторизация схемаларын басқаруға көмектеседі
  • 6Ойластырылған интерфейс

    Клиенттер қажетті қызметтерді жылдам әрі ыңғайлы алуы үшін платформа пайдаланушы тәжірибесін ескереді. Өнім үстінде UI/UX-дизайнерлерден тұратын командамыз және шақырылған әлемдік UI/UX-сарапшылар жұмыс істейді. Біз өнімді жақсарту үстінде үнемі жұмыс істейміз — тиімді пайдаланушы интерфейстері мен өзара әрекеттесу тәжірибесін құру саласындағы үрдістер мен трансформацияларды қадағалаймыз

Адам банкті тиімді пайдаланып, барлық құралды қолданғанда, ол банктен көбірек құндылық көреді. Сондықтан клиенттерді құралдардың кең жиынтығын пайдалануға үйрету үшін бөлімшелердің ресурстары босатылуы тиіс. Қазір транзакциялар мен басқа да операциялар жүргізілмейтін жаңа форматтағы офистер пайда болуда — олар жаңа клиенттерді тартуға бағдарланған. Егер адам стандартты операция үшін келсе, оған онлайн-банкке қолжетімділік беріліп, өзіне-өзі қалай қызмет көрсету керектігі көрсетіледі. Prime Source-тің цифрлық банкингін енгізгеннен кейін бізде осындай формат үстінде жұмыс істеу мүмкіндігі пайда болды.

Қазақстандық банктер неліктен Prime Source шешімдерін таңдайды

  • Шетелдік әзірлеушілердің
    өнімдері
  • Нақты клиентке баптау қиын
    Ірі компаниялардың дайын ұсыныстарын нақты тұтынушының жағдайына кастомизациялау, баптау және өзгерту қиынырақ, өйткені олар жабық кодты пайдаланады және\немесе нақты нарыққа бейімделген
  • Шығынды енгізу
    Әдетте халықаралық нарықтағы ірі әрі белгілі ойыншылардың шешімдері қымбатырақ әрі уақыт бойынша шығынды. Проприетарлық бағдарламалық қамтамасыз етуді қосымша сатып алу қажет
  • Кері байланыстың ұзаққа созылуы
    Шетелдік қолдау қызметімен уақыт айырмашылығына байланысты сұрауға жылдам жауап алу мүмкіндігі әрқашан бола бермейді
  • Тілдік кедергі
    Шетелдік компаниялардың қолдау қызметі операторларының көпшілігі ағылшын тілінде сөйлейді
  • Prime Source
    өнімі
  • Кез келген клиентке оңай кастомизацияланады
    Әрбір тапсырыс беруші өзіне ыңғайлы енгізу нұсқасын таңдай алуы үшін икемді модульдік архитектураны пайдаланамыз. Ашық кодпен жұмыс істейміз


  • Үнемді енгізу және қызмет көрсету
    Меншікті әзірлемелерді пайдаланамыз, сондықтан шешімдеріміз тиімдірек, жылдамырақ әрі нәтижелірек. Біздің жүйемізді енгізгеннен кейін оған өз бетіңізше қызмет көрсете аласыз
  • 24/7 байланыстамыз
    Клиенттеріміз бірнеше минут ішінде кері байланыс алады

  • Өтініш білдірген тілде жауап береміз
    Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде сөйлейміз

Digital Bank платформасының артықшылықтары

  • Заманауи
    платформа

    Цифрлық банкинг саласындағы соңғы әлемдік үрдістерді, үздік функционалдық және аналитикалық шешімдерді үнемі енгізу.
  • Бірыңғай басқару құралы

    ШОБ, корпорациялар, ЖК және жеке клиенттерге бірыңғай жүйеде қызмет көрсету. Көпарналылық — Клиенттерге барлық арнада қызмет көрсету: смарт-сағаттан бастап банкоматтарға дейін.
  • Икемді
    интерфейс

    Интерфейстің ойластырылған әрі егжей-тегжейлі баптаулары арқылы өнімді клиенттерге бейімдеу.

  • Жетілдіріліп отыратын UX

    UX/UI дизайнерлерінің күшті командасы және тартылған шетелдік сарапшылар UX/UI саласындағы соңғы үрдістерді қадағалай отырып, өнімді үнемі жақсартады.
  • Ашық модульдік архитектура

    Платформаны жылдам әрі оңай енгізуге арналған заманауи модульдік архитектура.

  • Үйлесімділік

    Цифрлық банкинг барлық платформалармен, операциялық жүйелермен және интернет-браузерлермен үйлесімді – проприетарлық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алудың қажеті жоқ.

Prime Source Digital Bank құрамына не кіреді

  • 1

    Интернет-банкинг Шоттарды, сатып алуларды және басқа да қаржылық операцияларды жылдам басқаруға арналған ыңғайлы әрі қауіпсіз жүйе
  • 2

    Электрондық коммерция платформасы Ашық модульдік архитектурасы бар электрондық коммерциялық қызметті басқаруға арналған жүйе
  • 3

    Мобильді банкинг Шоттарды, сатып алуларды және қаржылық операцияларды басқаруға арналған, ыңғайлы UX-интерфейсі бар заманауи мобильді қосымша
  • 4

    Бірыңғай төлем шлюзі Онлайн-төлемдерді қабылдауды орталықтандыруға және автоматтандыруға арналған жүйе
  • 5

    Мобильді NFC-әмиян Байланыссыз төлемдерге және адалдық бағдарламаларын кіріктіруге арналған жүйені енгізу
  • 6

    Әлеуметтік банкинг Делдалсыз банк қызметтерін көрсетуге арналған платформа (P2P)
  • 7

    Адалдық бағдарламаларын басқару жүйесі Клиенттермен өзара әрекеттесуді баптауға, ұйымдастыруға, басқаруға және бақылауға арналған ыңғайлы әрі икемді интерфейсі бар жүйе
  • 8

    Чат-бот Клиенттерге арналған, мессенджердің таныс интерфейсіндегі өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесі

Клиенттер

Басқа өнімдер

Robotic Process Automation (RPA)

Өнімділіктің жаңа шегіне жетіңіз

Data Science

Серпінді технологиялардың көмегімен даусыз стратегиялық артықшылықтарға қол жеткізіңіз

AML and Anti-fraud

Қаржылық мониторинг процестерінің барынша автоматтандырылуы және үздіксіздігі