ҰЙЫМДАРҒА АРНАЛҒАН ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ШИНАЛАР
Бизнеске транзакциялық бақылауды, деректерді түрлендіруді, хабарламалардың сақталуы мен кепілді жеткізілуін қамтамасыз ету үшін банктер мен ірі корпорацияларға сервистік корпоративтік шиналарды тиімді пайдалануға көмектесеміз. Біздің шешімдеріміздің арқасында клиенттер барлық сервистік қызметтерге бір нүктеден қол жеткізеді және сервиске бағдарланған архитектураға ие болады
Интеграциялық шиналар не үшін қажет
- Заманауи қосымшалар басқа жүйелермен өзара іс-қимылсыз, оқшау жұмыс істемейді. Көбінесе бұл өзара байланыстар соншалықты күрделі әрі шатасқан болғандықтан, жұмыс кезінде процестердің жылдамдығы, сапасы мен сенімділігі айтарлықтай төмендейді
- Интеграциялық шина (ESB) — қосымшаларды біріктіретін, олардың жұмысын жеңілдететін және жеделдететін бағдарламалық қамтамасыз ету. Мұндай шешім арналар санын бірнеше есе азайтады, сондықтан ұйымдарға қызмет көрсетуге жұмсалатын ақша мен уақытты үнемдеуге көмектеседі