Customer Relationship Management

Сатылым тиімділігін арттырыңыз және клиенттермен жоғары дәлдіктегі коммуникация құрыңыз

КЛИЕНТТЕРМЕН ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ — CRM

Microsoft Dynamics CRM, Creatio негізінде, сондай-ақ меншікті әзірлеме жүйелері негізінде ұйымдарда сату, лидтерді генерациялау және маркетинг, клиенттерге қызмет көрсету мен олармен өзара іс-қимыл процестерін басқару әрі тиімділігін арттыру үшін кешенді CRM-шешімдерді енгіземіз.

CRM-ді не үшін енгізу керек

  • Customer Relationship Management (клиенттермен қарым-қатынасты басқару) — бұл сатып алушымен немесе клиентпен диалогты тиімдірек құруға, жұмыстағы қателерден аулақ болуға және нәтижесінде бизнестің тиімділігін арттыруға көмектесетін процестерді автоматтандыру құралы.
  • Бұл жүйе клиенттермен олардың бүкіл өмірлік циклі бойы жұмыс істеуге, жаңа аудитория тартуға және бар аудиторияны дамытуға мүмкіндік береді.

Prime Source ұсынатын CRM-жүйелерді енгізудің артықшылықтары

Prime Source мамандарының Қазақстанда және шетелде CRM-жүйелерді интеграциялауда мол тәжірибесі бар.

Әзірлеушілермен тығыз серіктестік, үздіксіз оқыту және тәжірибе арқасында бізде нарықтағы ең жоғары құзыреттер бар. Бұл бізге шешімдерді банктерге және басқа ұйымдарға тиімді әрі ең қысқа мерзімде интеграциялауға мүмкіндік береді.

  • 2 Клиенттердің қайталама өтініштерінің саны 2 есе қысқарды
  • 40 Өндіріс рентабельділігін 8 миллионнан 40-қа дейін арттырдық
  • 30 Штатта 30 жоғары білікті маман
  • 3 Байланыс орталығына CRM-жүйе енгізілгеннен кейін 1-ші күн ішінде өңделетін қоңыраулар саны 3 есе өсті
  • Толық деректер

    • Клиент туралы барлық деректі біріктіру, жүйелеу және синхрондау
    • Клиент туралы деректердің қайталануын жою
    • Клиенттермен өзара қарым-қатынас тарихының ашықтығы және оған оңай қол жеткізу
    • Клиент туралы деректерді тұрақты жаңарту
    • Клиенттердің қажеттіліктерін анықтау және болжау
    • Егжей-тегжейлі деректер және клиенттердің табыстылығын бағалау
  • Маркетингтік іс-шаралар

    • Бір жүйеде әртүрлі арнамен ыңғайлы жұмыс: Call Center, SMS, email, Интернет-банк, әлеуметтік желілер
    • Түрлі критерийлер және критерийлер жиынтығы бойынша мақсатты топтар қалыптастыру мүмкіндігі
    • Арнаға қарамастан бірыңғай хабардар ету саясаты
    • Клиентпен тиімді коммуникация саясатын жүргізу
    • Мақсатты ықпал ету және микросегменттеу есебінен оң жауаптар санының өсуі
    • Барлық ұсынысты дербестендіру
    • Маркетингтік науқандардың тиімділігін қадағалау
    • Клиент үшін маңызды күндер туралы уақтылы хабарлау
  • Өнімді басқару

    • Кешенді және күрделі өнімдерді оңай құру әрі баптау
    • Ыңғайлы әрі түсінікті өнім конструкторы
    • Клиенттерге қажетті өнімдерді параметрлер бойынша іріктеу
    • Клиенттердің жаңа өнімдерге қызығушылығын қадағалау
    • Жаңа өнімдерді нарыққа жедел шығару
    • Өнімнің өмірлік циклін басқару
    • Клиенттің қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне қарай өнімдерді автоматты түрде іріктеу
    • Жеңілдіктер беру процесін және өнімдердің немесе мәміленің маржиналдылығын есептеуді автоматтандыру
    • Өнім каталогын сату процесіне үздіксіз интеграциялау

CRM клиенттерге қалай көмектеседі

  • 1 Заманауи әдіснамалар

    Жобаларды Agile (Scrum) әдіснамасы бойынша басқару. Agile және PMBoK әдіснамаларының белгілі бір бөліктерін біріктіру
    Жобаларда Design Thinking құралдарын пайдалану
  • 2 Тиімді менеджмент

    Жедел превентивті жергілікті менеджмент
    Түсінікті нәтиже, нақты мерзімдер мен ресурстар
    Жобаның сатысы мен мәртебесі туралы тұрақты есеп
  • 3 Масштабталу

    Жобаның ресурстық қамтамасыз етілуін қажетті функционалға дейін кеңейту мүмкіндігі
  • 4 Енгізудің кезеңділігі

    Талаптарды динамикалық қалыптастыру (спринттер бойынша). Апталық итерациялар есебінен әрбір кезең ішінде жылдам әрі айқын нәтиже
  • 5 Процестерді жетілдіру

    Жоба басталар алдында процестердің ағымдағы жай-күйіне талдау жүргізу және best practice негізінде жетілдіру бойынша ұсынымдар;
    өткен спринтті келесісін жақсарту тұрғысынан талдау арқылы білім алу
  • 6 Құжаттандыру және есептілік

    Нақты талаптарды қалыптастыру, жобалардың барлық кезеңін құжаттандыру және апта сайынғы есептілік

Бапталды және жұмыс басталды — бәрі тамаша. Ыңғайлы әрі жайлы. Жақсы әрі түсінікті интерфейс.
Ұйым басқа уақыт белдеуінде жұмыс істесе де немесе сенбі мен жексенбі күндері болса да, мәселелерді кез келген уақытта шешуге болатыны үлкен артықшылық — жігіттер әрқашан байланыста.

Клиенттер Prime Source шешімдерін неге таңдайды

  • Басқа әзірлеушілер
  • Шешім таңдау мүмкіндігі жоқ
    Тек бір ғана шешімді енгізетін тар бейінді мамандар — ең қолайлы жүйені таңдау қиын

  • Тәжірибе жоқ
    Беймәлім және тәжірибесіз компаниялар



  • Кейстер жоқ
    CRM-жүйелерді енгізудің нақты тәжірибесі жоқ
  • Prime Source
  • Шешімдердің үлкен таңдауы
    Клиенттер ең қолайлы шешімді таңдай алуы үшін CRM-жүйелердің ең кең желісін енгізетін Қазақстандағы жалғыз компания
  • Мол тәжірибе
    10 жылдан астам уақыт бойы клиенттермен ұзақ мерзімді қарым-қатынас құрып келеміз. Тәжірибе ұсыным және алғыс хаттармен расталған
  • Іске асырылған жобалар
    Командада — CRM-жүйелерді енгізу бойынша ірі жобаларға қатысқан мамандар

Ірі және орта ұйымдарға арналған CRM

  • Тиімділік және оңтайландыру Біздің шешімдеріміз сату тиімділігін арттырады және рутиналық операцияларды орындауға кететін уақытты қысқартады
  • Адалдықты арттыру және аналитика Біздің шешімдеріміз клиенттердің компанияға деген адалдығын арттырады. Нақты уақыт режимінде көрнекі аналитика ұсынады

Prime Source ұсынатын CRM-жүйелердің артықшылықтары

  • Тұтынушыны түсіну

    Клиенттің барлық бөлімшесі мен қызметінің клиентке бірыңғай көзқарасы
  • Тиімді коммуникация

    Маркетингтік науқандардың тиімділігін арттыру және құнын төмендету
  • Уақыт пен ресурстарды үнемдеу

    Жаңа өнімдерді әзірлеу және нарыққа шығару уақытын қысқарту
  • Қосымша сатылымдар

    Клиент пайдаланатын өнімдер санын арттыру
  • Адалдықты арттыру

    Клиенттердің кетуіне қарсы іс-қимыл және олардың адалдығын арттыру

Қандай шешімдерді енгіземіз

  • 1

    Prime Source меншікті CRM-жүйесі

    Меншікті әзірлемелер негізіндегі тиімді әрі үнемді CRM платформасы. Клиенттерді, лидтерді, сатылымдарды және қызметкерлердің жұмыс уақытын басқаруға көмектесетін кешенді шешім. Деректерді талдауға, міндеттерді Agile әдіснамасы бойынша басқаруға және жобалық қызметті басқаруға мүмкіндік береді.
    Негізгі артықшылықтары:
    • шешім қосымша лицензияларды талап етпейді және техникалық шектеулері ең аз
    • жүйені бейімдеу вендор саясатымен шектелмейді

  • 2

    Creatio

    Маркетингті, сатылымдарды және сервисті басқаруға арналған бірыңғай платформа. Жүйе сатылымдарды, маркетингті және сервисті басқаруға арналған дайын шешімдерді қамтиды әрі бірыңғай интерфейсте пайдаланушылардың жол картасын (сustomer journey) — брендпен танысу кезеңінен бастап мәміле жасауға, тапсырысты орындауға және сервистік қызмет көрсетуге дейін — басқаруға мүмкіндік береді.
    «Террасофт» компаниясының негізгі артықшылықтары:
    • жұмысқа дайын, алдын ала бапталған функционал,
    • вендордан техникалық қолдаудың қолжетімділігі және үлкен қоғамдастық,
    • кастомизациялау мен интеграциялаудың кең мүмкіндіктері,
    • өнімнің белсенді дамуы

  • 3

    Microsoft Dynamics CRM

    Маркетингті, сатылымдарды, лидтерді генерациялауды және клиенттерге қызмет көрсетуді басқару блоктары бар кешенді CRM-шешім. Жүйе жұмыс процестері мен міндеттерді таныс әрі ыңғайлы пайдаланушы интерфейсінде басқаруға көмектеседі.
    Microsoft Dynamics CRM артықшылықтары:
    • Microsoft өнімдерімен үздіксіз «қораптық» интеграция. Лицензиялардың құны жоғары емес,
    • жұмысқа дайын, алдын ала бапталған функционал

  • 4

    Oracle Siebel CRM Oracle негізінде кешенді корпоративтік ақпараттық жүйе құруға арналған клиенттермен өзара қарым-қатынасты басқару құралдарының жиынтығы. Шешім фронт-офис (сатылымдарды, сервисті, маркетингті және серіктестермен қарым-қатынасты басқару) және бэк-офис (аналитика, тапсырыстар мен персоналды басқару, қызметкерлерге өтемақы есептеу) операцияларын автоматтандыруға мүмкіндік береді. Платформа кез келген IT-жүйемен, оның ішінде телефониямен оңай интеграцияланады.
    Oracle Siebel CRM негізгі артықшылықтары:
    • ірі ұйымдарға арналған меншікті кросс-платформалық шешім,
    • телекоммуникация компанияларына, қаржы институттарына, сақтандыру компанияларына және медициналық мекемелерге арналған салалық шешімдер,
    • оңай кастомизацияланады және енгізіледі

Клиенттер

Басқа өнімдер

Robotic Process Automation (RPA)

Өнімділіктің жаңа шегіне жетіңіз

Customer Experience Management

Өсудің жасырын мүмкіндіктерін анықтаңыз, клиентпен байланыстың әрбір нүктесінде нәтижелілікті арттырыңыз

Data Science

Серпінді технологиялардың көмегімен даусыз стратегиялық артықшылықтарға қол жеткізіңіз