Credit Risk Management

Кредиттік тәуекелдерді басқару жүйесі

КРЕДИТТІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ

Кредиттік тәуекелдерді басқару бойынша кешенді шешімдерді енгізе отырып, банктер мен қаржы ұйымдарына кредиттік тәуекелдерді анықтауға, өлшеуге, бақылауға және төмендетуге әрі қаржылық орнықтылықты қамтамасыз етуге көмектесеміз

Кредиттік тәуекелдерді басқару
жүйесін не үшін енгізу керек

  • Әлемдік экономикадағы дағдарыстық жағдайлар мен нарық жағдайларының үнемі өзгеруіне байланысты тәуекел-менеджментке қойылатын талаптар жыл сайын өсіп келеді. Ұлттық Банк тәуекелдерді бағалаудың жаңа әдістемелеріне ерекше көңіл бөліп, банк қадағалауының әлемдік тәжірибесін енгізуде: SREP, AQR әдістемесі, стресс-тестілеу және уәжді пайымдау.

    Сондықтан банктер мен қаржы ұйымдарына тәуекелдерді автоматтандырылған түрде анықтауға, бағалауға, төмендетуге және мониторингілеуге мүмкіндік беретін әрі реттеуші талаптарының сақталуын қамтамасыз ететін жаңа технологиялық шешімдерді енгізу қажет.
  • Нақты қарыз алушының, несие портфелінің кредиттік тәуекелдерін және операциялық тәуекелдерді басқару бойынша кешенді шешімдер тәуекелдер мен нәтижелер арасындағы теңгерімді сақтауға, заңнама нормаларын орындауға және ұйымдардың тұрақтылығы мен орнықтылығын сақтауға мүмкіндік береді.

Prime Source ұсынатын тәуекелдерді басқару жүйесі

Prime Source меншікті әзірлемелер негізінде тәуекелдерді басқару бойынша кешенді шешімдерді енгізеді. Біз кешенді тәсіл ұсынамыз — тәуекелдерді басқару әдіснамасын жасаудан бастап автоматтандырылған шешімдерді енгізуге дейін.

Жұмысымызда біз тек IT-инфрақұрылымға ғана емес, сонымен қатар меншікті тәжірибемізге — 30-дан астам жобада тәжірибе жүзінде тексерілген нақты кейстер мен модельдерге сүйенеміз.

Команда қызметкерлеріміздің Forte Bank, АТФ-банк, Еуразиялық банк, Надра банк (Украина) сияқты ірі қаржы институттарында көп жыл жұмыс істеу арқылы жинақтаған тәжірибесі мен білімі бар.

  • 11 ЕДБ-ға, мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарға 11 сәтті енгізу
  • 10 Әрбір маманның тәуекел-менеджмент саласындағы өтілі — 10 жылдан астам
  • 4 4 модельді автоматтандыру тәжірибеміз бар: KPMG, Ernest and Young, Deloitte — IFRS 9 және ҚРҰБ бойынша
  • 100 Клиенттеріміз резервтерді есептеуге кететін уақытты 100 есе қысқартты
  • Нақты қарыз алушының тәуекелдерін басқару

    • Кредиттік процесс • Кредиттік ұсыныстардың форматы • Тәуекел қорытындыларының форматы • Рейтингтік, скорингтік жүйелер • Лимиттерді бақылау • Мониторинг процесі
  • Несие портфелінің тәуекелдерін басқару

    • Есептілік форматтары • Лимиттерді құру және мониторингілеу процесі • Мерзімі өткен берешек мониторингі • Несие портфелін стресс-тестілеу • Қарыз алушылардың дабыл тізімі процесі

Автоматтандыру нәтижесінде клиент не алады

  • 1 Процестерді оңтайландыру

    Тәуекелдер мониторингі технологиясын оңтайландыру арқасында қол еңбегін азайту, персонал өнімділігін арттыру
  • 2 Қателерді азайту

    Банк қызметкерлерінің қателік жіберу ықтималдығын төмендету
  • 3 Шешімдердің жеделдігі

    Шешім қабылдау жылдамдығын арттыру және клиенттер сапасын жақсарту
  • 4 Масштабталу

    Тұтас банк ауқымында клиенттік тәуекелдерді басқару
  • 5 Объективті қызмет көрсету

    Клиенттерге келісілген әрі әділ қатынас
  • 6 Пайданы арттыру

    Баға белгілеу бойынша сапалы шешімдер есебінен рентабельділікті арттыру
  • 7 Шығындарды төмендету

    Кадр ресурстарын тиімді пайдалану арқасында шығындарды азайту
  • 8 Берешек үлесін төмендету

    Проблемалық берешек үлесін азайту
  • 9 Кредиттік саясатты қолдану

    Кредиттік саясатты тиімді қолдану және басқару
  • 10 Пайдалану шығындарын төмендету

    Оңтайландырылған процестер арқасында тиімділікті арттыру және пайдалану шығындарын төмендету
  • 11 Процестерді жеделдету

    Қағаз құжаттармен жұмысты азайту және процестерді жеделдету
  • 12 Деректерді жедел жинау

    Бар мәліметтерді жинауға кететін уақыт мөлшерін азайту

Prime Source командасы бізге тәуекелдерді әртүрлі параметрлер мен модельдерді ескере отырып талдап, тәуекелдерді төмендету бойынша шешімдер қабылдауға және превентивті іс-шаралар жүргізуге мүмкіндік беретін платформа құруға көмектесті

Қазақстанның топ-10 банкі
Prime Source шешімдерін неге таңдайды

  • Шетелдік
    әзірлеушілердің шешімдері
  • Нақты клиентке бейімдеу қиын
    Ірі компаниялардың дайын ұсыныстарын нақты тұтынушының жағдайына кастомизациялау, баптау және өзгерту қиынырақ, себебі олар жабық кодты пайдаланады және\немесе нақты нарыққа бейімделген
  • Шығынды енгізу
    Әдетте халықаралық нарықтағы ірі әрі белгілі ойыншылардың шешімдері қымбатырақ әрі уақыт бойынша шығындырақ. Қосымша өнімдер мен лицензияларды сатып алу қажет
  • Кері байланыстың ұзақтығы
    Шетелдік қолдау қызметімен уақыт айырмашылығына байланысты сұрауға жылдам жауап алу мүмкіндігі әрқашан бола бермейді
  • Өнім
    Prime Source
  • Кез келген клиентке оңай бапталады
    Әрбір тапсырыс беруші өзіне ыңғайлы енгізу нұсқасын таңдай алуы үшін икемді модульдік архитектураны пайдаланамыз. Ашық кодпен жұмыс істейміз
  • Үнемді енгізу және қызмет көрсету
    Меншікті әзірлемелерді пайдаланамыз, сондықтан біздің шешімдеріміз тиімдірек, жылдамырақ әрі нәтижелірек. Қосымша модульдер немесе лицензиялар талап етілмейді. Біздің жүйемізді енгізгеннен кейін оған өз бетіңізше қызмет көрсете аласыз
  • 24/7 байланыста
    Клиенттеріміз бірнеше минут ішінде кері байланыс алады

Тәуекелдерді басқару жүйесінің артықшылықтары

  • Уақыт пен ресурстарды үнемдеу Жүйе мониторингті, бағалауды және тәуекел мен зиянды жою жөніндегі іс-шараларды толық автоматтандыру арқасында тәуекелдерді басқаруға кететін уақыт пен ресурстарды азайтуға мүмкіндік береді
  • Бейімделгіштік және ыңғайлы баптаулар Платформа халықаралық және ұлттық нормативтік талаптарға сәйкес келеді. Шешім ішкі қажеттіліктерге, өзгеріп отыратын нарық жағдайларына және заңнамалық талаптарға икемді әрі жылдам бапталады

PRIME SOURCE-ТЫҢ ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ САЛАСЫНДАҒЫ МҮМКІНДІКТЕРІ

Қарыз алушылардың тәуекелдерін басқаруға көмектесеміз: кредиттік процестерді ұйымдастырамыз, кредиттік ұсыныстар қалыптастырамыз, рейтингтік және скорингтік жүйелерді баптаймыз, лимиттерді бақылауды және қарыз алушының мониторинг процестерін, оның ішінде Watch list-ті жүзеге асырамыз.

Кредиттік конвейерді іске асыру

Халықаралық сарапшылармен бірлесіп жасалған меншікті әзірлемелер негізінде жеке және заңды тұлғаларға кредит беру процестерін автоматтандыруға арналған шешімді үнемді әрі жылдам енгіземіз.

Кредиттік қызметті автоматтандыру жүйесі кредиттік өтінімдерді әртүрлі арнадан жинауға көмектеседі: web, сату орындары және мобильді құрылғылар.

Шешім клиенттің жеке басы мен байланыс деректерін верификациялауға, оның кредит қабілеттілігін автоматты немесе қолмен бағалауға, құжаттарды электрондық түрде дайындап сақтауға, клиентке немесе контрагентке ақша қаражатын аударуға, төлемдерді алуға және қадағалауға мүмкіндік береді. Осы жүйенің арқасында клиентті кредиттің бүкіл өмірлік циклі бойы сүйемелдеуге болады.

  • Үнемділік

    Меншікті әзірлемелер арқасында модуль бойынша жылдам әрі үнемді енгізу — лицензиялар мен бағдарламалық қамтамасыз ету үшін қосымша төлеудің қажеті жоқ
  • Тиімділік

    Деректерді автоматтандырылған өңдеу арқасында өтінімді қарау уақыты бірнеше есе қысқарады
  • Ашық код

    Стандартты емес міндеттерді шешу үшін жүйені өз бетінше пысықтау мүмкіндігі

ПРОВИЗИЯЛАРДЫ ЕСЕПТЕУДІҢ БІРЕГЕЙ ЖҮЙЕСІН ІСКЕ АСЫРУ

IFRS 9-ға сәйкес провизияларды автоматты есептеудің меншікті аналитикалық жүйесін енгіземіз. Бұл — біздің командамыз әзірлеген, Қазақстанның 10 банкінде пайдаланылатын бірегей шешім.

Жүйе күрделі математикалық есептеулерді автоматты түрде жүргізеді және провизияларды есептеудің әртүрлі әдістемесін баптауға арналған кең құралдар жиынтығына ие. Бұл капиталға әсерін дұрыс бағалауға, қызметкерлердің уақытын үнемдеуге және нормативтік талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

  • Үнемділік

    Меншікті әзірлемелер арқасында жылдам әрі үнемді енгізу — лицензиялар мен бағдарламалық қамтамасыз ету үшін қосымша төлеудің қажеті жоқ
  • Тиімділік

    Деректерді жүктеуге арналған сыртқы жүйелермен интеграция арқасында провизияларды есептеуге қажетті ақпаратты жылдам әрі тиімді өңдейді
  • Икемділік

    Шешім есептеудің шектеусіз санда әдістемесін баптауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жіктеу және провизияларды есептеу параметрлерін ыңғайлы өзгерту іске асырылған: портфельдер, топтар және т.б.

РЕЙТИНГТІК ЖҮЙЕНІ ЕНГІЗУ

Қаржылық есептілік және компанияның сапалық сипаттамалары негізінде рейтингті айқындауға арналған меншікті жүйені енгіземіз. Ыңғайлы құралдар арқасында параметрлер мен рейтингтік модельдерді өз бетінше баптауға болады.

Шешім клиенттерді сапалы іріктеуге, қарыз алушыға тұрақты мониторинг жүргізуге және кредит беру бойынша жедел шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

  • Үнемділік

    Меншікті әзірлемелер арқасында жылдам әрі үнемді енгізу — лицензиялар мен бағдарламалық қамтамасыз ету үшін қосымша төлеудің қажеті жоқ
  • Объективтілік

    Бапталатын көптеген параметр бойынша жан-жақты талдау арқасында шешім клиенттерді келісілген әрі объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді
  • Икемділік

    Шешім жіктеу параметрлері мен рейтингтік модельдерді жеке қажеттіліктерге қарай баптауға мүмкіндік береді

СКОРИНГТІК ЖҮЙЕЛЕРДІ ЕНГІЗУ

Әлемдік тәжірибедегі үздік IBM өнімдері негізінде меншікті скоринг жүйесін енгіземіз. Шешім нақты ұйымға тән тәуекел скорингі модельдерін баптауға және қолдануға мүмкіндік беретін дайын модульдерден тұрады. IBM SPSS Modeler деректермен жүргізілетін барлық операцияның — олардың сапасын бастапқы бағалаудан бастап скоринг нәтижелерін алу мен бағалауға дейін — орындалуын қамтамасыз етеді.


  • Сенімділік

    IBM — әлемдегі үздік IT-шешімдер жеткізушілерінің бірі. Компания өнімдері интеллектуалдық технологиялар нарығындағы ең сенімді әрі тиімді өнім ретінде танылды.

  • Үнемділік

    Біз IBM-нің платиналық серіктестеріміз, бұл дегеніміз — клиенттерімізге енгізу бойынша ең тиімді шарттар ұсынамыз және жоғары білікті қызмет көрсетуді қамтамасыз етеміз.
  • Несие портфелінің тәуекелдері

    Есептілік қалыптастырамыз және оны құруды автоматтандырамыз, банк лимиттерін баптаймыз, мерзімі өткен берешекке мониторинг және несие портфелін стресс-тестілеу жүргіземіз, қарыз алушылардың дабыл тізімі процестерін құрамыз.

ПОРТФЕЛЬДІ СТРЕСС-ТЕСТІЛЕУ

Стресс-тестілеу сценарийлерін басқаруға, қадағалауға және қолдануға көмектесеміз. Портфельдің тәуекелдерге сезімталдығын талдау және капиталды жоспарлау үшін «what if» модельдерін әзірлейміз. Стресс-тестілеудің бүкіл процесінің ашықтығын қамтамасыз етеміз.

Ықтимал сценарийлерді қамти отырып, өнімділік модельдерін үнемі дамытып, нақтылап отырамыз.

  • Қаражатты үнемдеу

    Бірыңғай оңайлатылған платформа шеңберінде меншікті әзірлемелер негізінде модельді жылдам енгізу және іске қосу
  • Келісілген басқару

    Сценарийлерді айқындау және модельдеу нәтижелерін бухгалтерлік баланс есептеріне, қаржылық есептерге әрі капитал бойынша жоспарларға енгізу
  • Тұрақты жаңартылу

    Өнімділік модельдерін тұрақты жаңарту әрі дамыту және стресс-тестілеу сценарийлерін нақтылау

Басқа өнімдер

Data Science

Серпінді технологиялардың көмегімен даусыз стратегиялық артықшылықтарға қол жеткізіңіз

Customer Experience Management

Өсудің жасырын мүмкіндіктерін анықтаңыз, клиентпен байланыстың әрбір нүктесінде нәтижелілікті арттырыңыз

Operational Risk Management

Ұйымның беделі мен қаржылық тұрақтылығына төнетін қатерлердің алдын алудағы дәл есеп