ОЗЫҚ АНАЛИТИКА ҚҰРАЛДАРЫН ТИІМДІ ЕНГІЗУ
Кешенді шешім ұсынамыз — «деректер көлі» (Data Lake):
құрылымдалған және құрылымдалмаған деректерге арналған қойма, BI-жүйе, Data Quality құралдары, озық аналитикаға арналған RTDM құралдары.
Клиенттерге деректер массивтерін жинауға, сақтауға, байытуға, біріктіруге, құрылымдауға және өңдеуге көмектесеміз.
Біздің шешімдеріміз ақпаратпен тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді: күрделі маркетингтік және аналитикалық есептілік құру, ақпаратты жедел алу және ішкі процестердің сапасын арттыру.
Big Data не үшін қажет
- Ұйымдарда және әлемде жинақталатын деректер көлемі геометриялық прогрессиямен артып келеді. Ақпарат массивтерін дұрыс сақтау және оларды тиімді пайдалану үшін заманауи технологиялар қажет: болжамдар құру, өзара байланыссыз деректердегі жасырын заңдылықтарды табу және осы инсайттарды сатылымды арттыру мен бизнесті дамыту үшін қолдану.
- Дәстүрлі талдау кезінде ақпараттың шағын ғана бөліктерін өңдеуге болады – бұл ұзақ әрі көп еңбекті қажет етеді. Big data корреляцияларды іздеу мақсатында қолжетімді деректер массивін тұтастай әлдеқайда жылдам, тиімді әрі үнемді зерттеуге мүмкіндік береді. Шешім деректерді талдау процесін жеңілдетеді — Big Data ақпаратты жинаумен қатар, нақты уақыт режимінде өңдеуге мүмкіндік береді.