Жасампаздықтың шынайы еркіндігі

Миссиясы – күн сайын мыңдаған адамның өмір сүру сапасы мен жұмыс жағдайын жақсарту болып табылатын команданың бір бөлігі болыңыз. Бізде мүмкіндіктер көп жылдық тәжірибесі бар кәсіпқойлар үшін де, жоғары оқу орындарының түлектері үшін де ашық.

Жетістік мәдениеті

Біз адамдарды табандылығы, кәсіби қасиеттері мен жетістіктері үшін бағалаймыз және көтермелейміз. Қандай лауазымда болсаңыз да, қандай мәселемен айналыссаңыз да, сіздің табысыңыз назардан тыс қалмайды.

Бюрократиясыз

Prime Source шешім қабылдауда икемді әрі жылдам компания болып қала береді. Біз сіздің қуатыңызды бюрократиялық кедергілерді еңсеруге емес, өнімді жұмысқа жұмсауыңыз үшін жағдай жасаймыз.

Қызықты міндеттер

Мұнда сізді бейстандартты шешімдерді талап ететін маңызды әрі күрделі міндеттер күтеді. Мұндай шешімдерді табу үшін сізде ресурстар, әрекет еркіндігі және команданың қолдауы болады.

Компания ішіндегі өсу

Сіз қызмет сатысымен одан әрі жоғарылай аласыз немесе жаңа бағыттарды меңгере аласыз. Екі жағдайда да біз талантты мамандарға келесі қадам жасауға мүмкіндік ұсынамыз.

Бос жұмыс орындары

cv@p-s.kz

Хабарламаның тақырыбында бос жұмыс орнының атауын көрсете отырып, түйіндемеңізді жіберіңіз.

Егер сіз бізбен бірге жұмыс істегіңіз келсе, бірақ бос жұмыс орындарының тізімінен өз мамандығыңызды таппасаңыз, болашақта ашылатын лауазымдар үшін түйіндемеңізді қазірден бастап жіберсеңіз, қуанышты боламыз.